ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ:
ТАРИХИ ДӘСТҮР МЕН ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
«ИСЛАМ В ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ И КАЗАХСТАНЕ:
ИСТОРИЧЕСКИЕ ТРАДИЦИИ И СОВРЕМЕННЫЕ ВЗГЛЯДЫ»
Международной научно-практической конференции
Жоспарланған конференцияға дейін:
Конференция уақыты
Конференция 2025 жыл, Сәуірдің 28-ші жұлдызында, сағ: 09:00 басталады.
Мекен-жайымыз
Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 73, "Нұр-Мүбарак" университеті.
Жұмыс тілі
Қазақша, арабша, ағылшынша, орысша, және түрікше.
Конференция туралы
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесе отырып, 2025 жылдың 28 сәуірінде «Орталық Азия және Қазақстандағы ислам: тарихи дәстүр мен заманауи көзқарас» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырады. Конференция Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) дербес мүфтият болып құрылғанына 35 жыл толуына орай өтеді.
Конференцияға Мысыр, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей, Түркия және басқа елдерден зерттеуші ғалымдар, сала мамандары мен сарапшылар шақырылады.
Барша ғалымдар мен сарапшыларды конференцияға қатысуға шақырамыз!

Конференцияның мақсаты
Орталық Азиядағы мемлекет пен ислами институттар арасындағы қарым-қатынастың тарихи өзгерістерін зерттеп-зерделеу, туындаған мәселелерді тиімді шешу жолдарын қарастыру.

Конференцияның міндеті
Ортағасырлық және қазіргі мемлекеттік билік пен ислам институттарының қарым-қатынас үлгілерін қарастыру

Жариалану түрі
Конференция материалдары электронды жинақ ретінде PDF форматында жарияланады.

Конференция офлайн және онлайн форматында жүреді:
-
Алматы қ, Әл-Фараби даңғылы, 73 -
+7 (727) 302-09-30
+7 (727) 302-07-09 - gylym@nmu.edu.kz
- www.nmu.edu.kz
"Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті